- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аттестациядан өте алмаған...
Аттестациядан өте алмаған полицейлер бірден жұмыстан шығарылмайды - ІІМ
Аттестациядан өте алмай қалған полиция қызметкерлері бірден жұмыстан шығарылмайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл жеке құрамның тек 6 пайызы яғни орта буын басшылары аттестациядан өтеді. Олардың заңды қалай білетіні, физикалық дайындығы, тапаншадан оқ ату, логикалық қабілеті, жеке қасиеті бағаланады. Ең маңызды кезең - әңгімелесу. Онда полиция қызметкерінің кәсіби дағдысы, жеке құзыреті, басқару дағдасына баға беріледі. Ақылдасу барысында тиісті шешім қабылданады", - деді Шыңғыс Алекешев ІІМ-де брифингте.
Бірақ ресми өкіл полицейлерді сабырлы болуға шақырды. Себебі, аттестациядан өте алмай қалғандар бірден жұмыстан шығарылмайды.
"Қанағаттанарлықсыз деген баға алған қызметкерлерге 3 ұсыныс жасалады. Біріншісі, лауазымын төмендету. Екіншісі, басқа қызметте жұмыс істеу. Үшіншісі, жұмыстан босату. Егер полицей өңірдегі аттестация комиссиясы шығарған шешімге келіспесе, одан жоғары тұрған орталық аттестация комиссиясына шағымдана алады. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әр қызметкердің сотқа да шағымдануға құқығы бар", - деді ол.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz