Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлар желісі байқау жариялады. Байқау еліміздің ең үлкен экрандарында жарқырап шығуыңызға жол ашады.
Қазақстандағы кинотеатрлардың ең үлкен желісі Kinopark және Kinoplexx өз көрермендеріне жаңа іс-шаралар ұсынуды тоқтатпайды. Жақын арады Instagram желісінде жаңа байқау - Kinostar.kz арқылы, еліміздің жаңа дарындарындарын танытпақшы.
Байқаудың шарттары да қарапайым. Үйде отырып "Әттең, киноға барғаным жақсы болар еді" тақырыбындағы күлкілі қысқа да нұсқа бейнеролик түсіру қажет. Қатысушылар мен сюжеттер саны шектелмеген, қиялға толық еркіндік берілген. Тек шектеу - уақыты бір минуттан аспауы керек. Үздік бейнероликтер бір айдың ішінде, яғни 10 мамырға дейін жалпыхалықтық дауыс беру арқылы таңдалады. Instagram тілімен айтқанда ең көп "лайк" жинаған бейне туындысы еліміздің 20 кинотеатрында көрсетіледі.
Атақты болу біреуімізге арман! Сол армандарымызды Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлар жүйесі орындамақшы. Осылайша компания карантинде отырған өз көрермендеріне қолдау көрсетіп, жағымсыз эмоциялардан аулақ болуға шақырады.
Публикация от Kinopark Theatres (@kinopark_kz)11 Апр 2020 в 12:03 PDT