Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, "Құрмет" орденінің иегері Жеңіс Сейдуллаұлы марқұм әкесін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші "Алғашқы" бағдарламасында бөлісті. Әншінің әпкелері Айнаш пен Айша Сейдуллақызы әкесі мен Жеңіс Сейдуллаұлы туралы естелігін айтты.
"Марқұм әкем жас кетті, 54 жаста болған еді. Мен қара жұмыстан қашпайтынмын. Әкем мынаны істе дейді. Соны істеп қоямын. Музыка кеткеннен кейін жұмысқа қарамайтын болдым. Әкем бсстық болғаннан кейін кішкентай балалар келіп өтінішін айтады. Пойыздың суына шомылып, сосын құмға жатамыз. 82-ші жылдары ыңғайсыз жағдайлар болды. Біреулер қысым көрсетті. Сол кезде "Әттең, әкем болса ғой, осының шешімін айтар еді" деген ой болды", - дейді әнші.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!