- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АТФБанк қолдау көрсету...
АТФБанк қолдау көрсету мақсатында төлем мерзімін ұзартады: кімге және қалай?
АТФБанк CoViD-19 қауіп төндірген қиын қыстау кезеңде ТЖ және карантин жариялануына байланысты "қаржылық жай-күйі" нашарлаған өз клиенттеріне қолдау көрсетуге дайын. Ол үшін банк кредиттердің төлем мерзімін комиссиясыз және айыппұлсыз ұзартқан. Бірақ онымен біткен жоқ, АТФБанктің кейбір клиенттеріне кредиттер бойынша төлем мерзімін ұзартуды рәсімдеу бұрынғыдан да жеңілдетілген – банкке хабарласаң болғаны.
Төлем мерзімін ұзартуды рәсімдеуді жеңілдету ТЖ режимінен де тыс қолдау көрсетуге мұқтаж клиенттер үшін жасалған, олар:
- халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық санаты;
- мекенжайлық әлеуметтік көмек (МӘК) алатындар;
- халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар;
Осындай қарыз алушылар үшін банк 2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген бөлшек кредиттер бойынша төлем мерзімін ұзартуға дайын. Ол үшін банк бөлімшесіне келудің қажеті жоқ, барлығын үйден шықпай-ақ жасауға болады.
Не істеу керек: АТФБанктің сайтынан 22 сәуірге дейін арнайы бөлім арқылы төлем мерзімін ұзартуға келісімді растау қажет, оның сілтемесін банк сізге смс-хабарлама арқылы жіберетін болады.
Егер сайтты пайдалану мүмкін болмаса, кез келген уақытта ұялы телефоннан байланыс орталығының 2424 нөміріне хабарласуға болады. Байланысу - тегін. Қажеттісі – ТАӘ және ЖСН.
Сосын банктен төлем мерзімінің ұзартылғаны туралы смс-хабарламаны күту ғана қалады.
Нені білу маңызды:
• Кредит бойынша төлем мерзімін ұзарту автоматты жүргізілмейді, оған клиенттің келісімі қажет!
• Клиенттің ХӘОТ санатына, МӘК алушыларға және жұмыссыздарға жатуын банк емес, уәкілетті органдар анықтайтын болады. Осы санатқа жататын АТФБанк клиенттері арнайы смс-хабарлама алады.
• Төлем мерзімі 3 айға ұзартылады. Басқа сөзбен айтқанда клиент оны 2020 жылғы 15 шілдеге дейін кредит бойынша төлем жасамау үшін пайдалана алады және осы мерзімге қарыз шартының мерзімі де ұзартылатын болады.
Бұл ретте, қарыз бойынша ай сайынғы төлем және артық төлемнің жалпы мөлшері артпайды. Шарт бойынша кредит өтеу мерзімі ғана өзгереді: егер кредит 12 айға рәсімделген болса, ұзартылған мерзімді ескере отырып, енді кредитті 15 ай ішінде өтейтін боласыз. Төтенше жағдай кезеңінде айыппұлдар және өсімақылар есептелмейді. Тағы маңыздысы - клиенттің кредиттік тарихы бұзылмайды.
Айналамыз өзгеруде. Қиын сәтте бір-бірімізге көмек қолын созатын және жаңа шарттарға бейімделуге қолдау көрсететін уақыт жетті.
Серіктес материалы
Н. Үсенова