- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АТФБанк жүз мыңыншы...
АТФБанк жүз мыңыншы #1 вертикалды карта шығарды
2019 жылдың шілде айында дүние жүзінің #1 банктік карта – жоғары cash back’қарастырылған бірінші вертикалды картамен танысқандығына тура бір жыл толады. АТФБанк бұл картаны жайлылықты бағалайтын адамдарға арнап шығарды, ал мұндай жайлылық базалық қасиеттердің, атап айтқанда қауіпсіздік, сенімділік және банк кепілдігінің есебінен, сондай-ақ картаның басты ерекшелігі – жасалған әрбір сауда үшін cash-back’ есептеудің икемді көпсатылы жүйесінің есебінен қалыптасады.
Ақшаны тек сақтап қоюға және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың көмегімен дүкендерде жасалған сауда үшін төлем жасауға ғана емес, сонымен қатар жеке бірегей табыс әкелу арқылы өз иесіне қызмет етуге де қабілетті карта қазақстандықтардың көңілінен шықты. Күн сайын АТФБанктің ондаған клиенттері осы картаға тапсырыс берген, сонымен, көптен күткен сәт те жетті – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 100-мыңыншы #1 картаның иегері атанды. Осындай үлкен әрі қомақты көлемге банк бір жылға жетпейтін уақытта қол жеткізді – вертикалды картаның «туған күні» 2018 жылғы 1 шілде болып есептеледі.
"Шығарылған 100 мың #1 карта – бұл банктік өнімнің расында қазақстандықтардың көңілінен шыққандығының белгісі. Жақын уақытта 200-мыңыншы және 300-мыңыншы карталардың шығатындығына сенеміз. Ал біз АТФ-командасымен бірге картаның саны үшін ғана емес, сондай- ақ #1 картаның артықшылықтары мен тиімді опцияларының біздің клиенттеріміздің мүдделері үшін жұмыс істейтіндігіне қуанатын боламыз. Бүгінгі күні cash back’ арқылы шамамен 200 миллион теңге қайтарылған – вертикалды карталардың иелеріне өз алғысымызды біз осылай білдіреміз. Клиенттерге тек қызмет көрсетіп қана қоймай, оларды қуанту, адамдармен банктік өнімдер арқылы ынтымақтастық орнату – Банктің клиенттермен қарым-қатынастары осылай болуы тиіс деп санаймыз",- дейді басқарушы директор Руслан Волынец.
АТФБанктің аналитикалық қызметі жинаған статистикалық мәліметтер #1 картаны көбінесе 25 жастан асқан клиенттердің ашатындығын көрсетеді. Олар - карточкалық банкингтің тәжірибелі пайдаланушылары, олар үшін банктік карта – ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға арналған өнім ғана емес. Бұл адамдар Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұрады, десек те олардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау және Шымкент қалаларының тұрғындары. Вертикалды картаның иелері АТФБанк төлем карточкаларының барлық артықшылықтарын пайдаланады: олар карта арқылы төленген әрбір сауда үшін cash-back алады, шоттан шотқа аударымдарды тез әрі оңай жүргізеді, сонымен бірге белгілі бір сомаға дейінгі қолма-қол қаражатты кез келген банкоматтан комиссиясыз шығарады. Бір сөзбен айтқанда, #1 картаның атын әйгілі еткен артықшылықтарды олардың қай жерде тұратындықтарына қарамастан оның әрбір иесі пайдалана алады.
Тағы бір айта кететін жайт, карточка иесі банктің 4 валютасының бірінде (карта мультивалюталы болып табылады) шетелде сауда жасайтын жағдайда АТФБанктің #1 вертикалды картасы айырбастау үшін комиссия ұстамайды. АТФБанктің #1 вертикалды картасына бүгін тура үйде немесе офисте тапсырыс беруге, сол арқылы ақшаңыз бен уақытыңызды дәл қазірден бастап үнемдеуге болады.
Серіктес материалы
Massaget