- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АТФБанк – Asiamoney...
АТФБанк – Asiamoney журналының нұсқасы бойынша ШОБ үшін ең үздік банк
Asiamoney Best Banks Awards 2019 жыл сайынғы сыйлығының қорытындысы шықты – АТФБанк тағы да үздік атанды.
Банк бірнеше мәрте халықаралық іскерлік басылымдардың мәртебелі марапатына ие болды. Енді міне банктік қызмет көрсету бойынша қазақстандық нарықтағы көшбасшы мәртебесіне беделді Asiamoney басылымының сарапшылары АТФБанкті лайық деп тани отырып, оны Best Bank for SMEs – "шағын және орта бизнес үшін ең үздік банк" номинациясы бойынша марапатқа лайық деп шешті.
"Біз сарапшылық жасаған әділқазылар алқасына біздің жұмысымызға оң баға бергені үшін алғыс білдіреміз. АТФБанк шағын және орта кәспікерлікті өзінің негізгі даму бағыты ретінде алып, осы саланы дамытуға ден қоюына байланысты, бұл марапаттың дәл осы даму стратегиямызды қамтуы біз үшін зор маңызға ие. Қазіргі таңда біз өнімдер желісі аясында еңбек етіп келеміз, клиенттеріміздің үнемі өзгеріп отыратын сұраныстары мен күткен нәтижелерін бақылауда ұстаймыз, оларға бейімделеміз, үнемі ішкі бизнес процестеін жаңғыртып отырамыз және автоматтандыруға күш саламыз. Қазірдің өзінде олардың жемісі көз алдымызда – АТФБанк және ШОБ бір-бірінен сенімді серіктестерді көрді, ол сондай-ақ, біздің де бизнес көрсеткіштерге оңынан ықпал етуде", - деп атап өтті АТФБанктің басқарушы директоры Ляйля Нуркасымова.
Бүгін де банк клиенттері қатары Қазақстан бойынша шамамен 70 мыңдай кәсіпкермен толықты. Клиенттік портфельдің жыл сайынғы ШОБ сегментіндегі өсімі орта есеппен 15% құрайды, соңғы төрт жылдағы кезең бойынша осы көрсеткіш 32% өсті. АТФБанктің шағын және орта кәсіпкерлікті белсенді түрде қолдауы сот портфелі өсімі көрсеткіштерінде де байқалды. Осылайша, АТФБанкте қазіргі уақытта ШОБ кредит беру көлемінің жылдық өсімі 33% құрайды, төрт жылдағы айырмашылықта көрсеткіш 230% асады.
Қарқынды даму негізінде АТФБанк Қазақстандағы ірі банктер қатарына кірді. ҚР Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтері бойынша банк активтерінің көлемі бойынша 6 орынды, кредиттік портфель көлемі бойынша 5 орынды және нарық үлесі 5,2%, 6,8% және 4,8% болатын депозиттік қоржын көлемі бойынша 6 орынды алады.
Asiamoney көрсеткендей, әдетте, сыйлық беру туралы шешімді Euromoney редакторының төрағалық етуімен жетекші қаржылық журналистер-сарапшылар қабылдайды. Оның негізінде сыйлыққа ниет ететін банктердің қызметіне терең талдау жасалып, сонымен қатар қаржылық қызметтердің локалдық нарықтары зерттеледі. Сонымен қатар, клиенттер мен серіктестердің нақты пікірлері де назарға алынады.
Ай сайын шығарылатын Asiamoney басылымы – халықаралық қаржыға арналған беделді бизнес-басылым. Оны Euromoney медиатобы 1989 жылдан бастап шығарады. Журнал жыл сайын Азия-Тынық мұхиты өңірлеріндегі ең үздік деген қаржылық институттарын Asiamoney Best Banks Awards сыйлығымен марапаттайды.
Серіктес материалы
Massaget