- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АТФ Банктің PLATFORM...
АТФ Банктің PLATFORM және SQ журналдары Қазақстанның үздік корпоративтік басылымдары болып танылды
АТФ Банк XV Халықаралық PR-форумның аясында бірден бірнеше наградаға ие болды. SQ (Service Quality) корпоративтік журналы «2019 жылдың үздік ішкі журналы» деп танылса, шағын және орта бизнес клиенттеріне арналған PLATFORM журналы елдегі басты салалық оқиға – Қазақстандағы XV Халықаралық PR-форумның аясында басты жүлде – үздік корпоративтік басылым атағын иеленді.
SQ журналы тек банк қызметкерлеріне арналған және өз қызметкерлері арасында клиентке негізделген мәдениетті дамытуға бағытталған. Журнал тұтастай банк қызметкерлері арасындағы үздік корпоративтік бастамаларды және табыс тарихын жариялауды мақсат етеді. Бұл журнал бірнеше жылдан бері қызметкерлер үшін материалдық емес ынталандырудың үздік корпоративтік құралы болып табылады. 2017 жылдың мамыр айында журнал қазақстандық «PR-шы» Клубының корпоративтік БАҚ байқауында «Үздік ішкі корпоративтік журнал - 2017» сыйлығына ие болған. Қазіргі уақытта журналдың12 нөмірі шығып үлгерген.
Евгений Ермаков, сервис сапасы басқармасының бастығы, SQ журналының бас редакторы, АТФ Банк: «Журнал жұмысында сатылымдар бөлімшесі басты рөл атқарады. Журналды кәсіби журналистер шығармайды, біздің авторларымыз – Қазақстанның онда біздің филиалдарымыз болатын барлық өңіріндегі банк қызметкерлері. Журнал өңірлердегі банк қызметкерлерінің пікірлерін жеткізеді. Клиенттің көңілінен шығу тек фронт-офис менеджеріне ғана емес, тұтастай үлкен команданың үйлесімді жұмысына байланысты екендігін барлығымыз жақсы түсінеміз. Біз банк ұжымын сапалы сервис құндылықтарының айналасына біріктердік және журналымыздың қызметкерлер арасында танымалдығы осы сөзіміздің нақты дәлелі болып табылады. Аталған коммуникация құралының көмегімен біз өз командамыздың барлық мүшесіне сапалы сервистің маңыздылығын көрсетеміз».
Осы жылы корпоративтік БАҚ байқауына 17 компаниядан 19 БАҚ қатысты. Олардың қатарында – өндіру және қайта өңдеу секторының ірі қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындары. Оларға админресурс пен халықаралық коммуникация тәжірибесін пайдалану, соның ішінде оларды жергілікті спецификаны ескере келе корпоративтік БАҚ құру кезінде пайдалану біршама оңай болып келеді. Жеке әдістер дайындау және «қазақстандық үлгідегі» корпоративтік басылымның қандай болуы керектігін түсіну үшін басқа саладағы компаниялар көп күш жұмсайды», - дейді байқаудың ұйымдастыру комитетінің төрайымы Маргарита Григорьева. – Өзінің корпоративтік коммуникацияларын дамыту үстіндегі барлық адамдар үшін біздің байқау – тәжірибе алмасу және өз жұмысы үшін тәуелсіз сараптамалық баға алу алаңы. Байқау өткізген жылдары біз ұйымдастырушылар ретінде агит-материалдардан тұратын басылымдардың көпшілік қызыға оқитын нағыз және толыққанды корпоративтік БАҚ-қа айналғандығын байқап қана қоймай, осы жолда көп көмек те бердік».
PLATFORMжурналының негізгі ерекшелігі Қазақстандағы бизнес саласының тенденциялары мен трендтері туралы сараптамалық пікірге басты назар аудару болып саналады. Журналда банктік өнімдерді жарнамалау «максималды минимумға» тең – тек қана мұқабада және соның өзінде корпоративтік сәйкестендіру мақсатында, қалған мазмұнының 99,99%-бизнес үшін пайдалы контент. PLATFORM журналы – АТФ Банктің жүйелік жобасының серіктестер-ШОБ клиенттерімен арақатынастардың жаңа сапасын дамыту үшін платформа құруға негізделген бір бөлігі ғана. Бұл – нарықтың түрлі саласындағы сарапшылар маңызды ақпаратпен бөлісетін платформа: журналда барлығына қол жеткізген қазақстандық бизнесмендермен аналитика да, сұхбат та бар.
Сондай-ақ, технологиялар және көптеген басылымдардың электронды форматқа ауысу дәуірінде PLATFORM журналын шығарушылардың басылымның қағаз түріндегі нұсқасын сақтап қалғандығын атап өткен жөн.
Дина Юн,маркетинг департаментінің директоры, АТФ Банк: «Біз журналдың өзгеше бір тарту ретінде болғандығын, біздің серіктестеріміз – ШОБ клиенттеріне деген жеке ілтипатымызды танытқандығын қалаймыз. Маңызды контентке ие журналды бірнеше рет оқуға болады, бұл тұрғыда оның қағаз түріндегі үлгісі өте ыңғайлы. Осы арнайы басылым арқылы біз өз серіктестерімізге сапалы ақпарат, жаңа мағлұмат пен мүмкіндіктердің тағы бір дереккөзін ұсынамыз».
Денис Кулькин, PLATFORM журналының идеялық шабыт берушісі және негізін қалаушы:«Біз кәсіпкерлік пен менеджмент туралы журнал әзірлеуді қолға алған уақытта команда жобаның негізгі мақсатын анықтады – журнал оқырманға пайдалы болуы тиіс. Жарнама контенті мен өзін-өзі жарнамалау минимум деңгейінде және максимум практикалық пайда. Адам – мейлі ол банк клиенті немесе қызметкері болсын, мақала немесе сұхбатты оқығаннан кейін өзі үшін бір жаңалық ашуы керек. Келесі күні ол офисіне барған соң өз қызметкерлеріне өзінің кеше бір мақала оқығандығын және олардың сондағы әдісті қолданып көрулері керектігін айтуы тиіс. Оқырмандар бізден алған пайдалы әдісті жасап көреді және ол міндетті түрде тиімді болады. Сонда контент және онымен жұмыстың да мәні болады».
Серіктес материалы
А. Рысдәулет