18 тамызға қараған түні Атбасарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, ол оқиға орнында мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға сағат 02:50 шамасында болған.
Полиция қызметкері мінген көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, олардың бірі оқиға орнында көз жұмды.
"Оқиғаға қатысы бар жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Ол тергеуге көмектесіп жатыр. Жүргізуші ішімдік ішпеген. Қазір ол ішкі істер органдарынан босатылды", - деп хабарлады ведомство.
Қажетті сараптама тағайындалды, тергеу барысын облыстық полиция департаменті бақылауда ұстайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз