- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атбасарда пәтерінің есігін...
Атбасарда пәтерінің есігін аша алмаған зейнеткер құтқарылды
Фото:
Polisia.kz
Атбасар тұрғындары зейнеткерді құтқарып қалған полицейдің ерлігіне тәнті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Атбасардың 77 жастағы тұрғыны ауырып қалған, алайда жедел жәрдем бригадасы оған көмек көрсету үшін пәтерге кіре алмаған. Өйткені зейнеткер есікті өздігінен аша алмаған.
Атбасар ауданының учаскелік полиция инспекторы Руслан Кравцунов үшінші қабаттағы балкон арқылы зейнеткердің пәтеріне кірген. Осылайша, пәтерге кіргеннен кейін Руслан зейнеткерге медициналық көмек көрсететін жедел жәрдем бригадасына есік ашқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова