Атаулы әлеуметтік көмектің бизнес-процесі трансформацияланады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еңбекмин мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігін пысықтауда. Бұл шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға, оқу ақысы мен қосымша білім алуға, демалыс пен ойын-сауыққа, сауықтыруға, жиһаз, тұрмыстық техника заттарын сатып алуға, кредиттерді өтеуге және т.б. сияқты негізгі шығыстардың түрлерін көздеу жоспарланып жатыр.
Азаматтардың шығыстары туралы мәліметтерді алу үшін тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың: Өнеркәсіп және құрылыс, Цифрлық даму, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің, Ұлттық банктің және т. б. ақпараттық жүйелерінің интеграциясы қаралады.
Бүгінгі күні АӘК: табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынаннан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау; табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жастағы баланы қоса алғанда әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру; еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді көздейтінін естеріңізге сала кетейік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз