Биыл наурызда 84,7 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (444,9 мың адам) алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Былтыр АӘК алушылар саны 141,5 мың отбасы (728,7 мың адам) болса, иыл наурызда 84,7 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (444,9 мың адам) алды.
Қабылданған шаралардың, әсіресе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартудың нәтижесінде былтыр атаулы әлеуметтік көмек алған 141,5 мың отбасы, өз өмірін қалыпқа келтіру үшін берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланған 94,1 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты. 2021 жылы АӘК алған 198,4 мың отбасының 51,4 мыңы кедейлік жағдайынан шықты.
Солардың бірі - оңтүстік өңірден көшіп келген, қазір Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының тұрғыны Ақниет Алтынбайдың отбасы. Ерлі-зайыпты мал шаруашылығымен айналысуға шешім қабылдады, осы мақсатта олар микрокредит алды.
"Біздің кәмелетке толмаған төрт баламыз бар, біз АӘК алушылар қатарында болған едік. Күйеуім мал шаруашылығын дамытып, өзім декреттік демалыста жүрген кезімде үйде пісірілетін ұн өнімдері мен кондитерлік өнімдерді даярлаумен айналысып, отбасылық мерекелер мен мейрамдарға тапсырыстар қабылдадым. Кейіннен мен орта мектепке әлеуметтік педагог ретінде жұмысқа орналастым. Нәтижесінде бүгінде отбасымыз АӘК алушылар қатарында емес", - деді Ақниет Алтынбай.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!