26 қаңтарда Алматыда Түркия Республикасының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш Алматының мәдениет басқармасының тапсырысы бойынша орындалған. Factcheck.kz редакциясы ескерткішке қанша қаржы жұмсағанын зерттеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тендер туралы
2023 жылғы 25 желтоқсанда мемлекеттік сатып алу порталында бір дереккөзден сатып алуға Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішін дайындау және орнату қызметіне тендер жариялады. Келісімшарт бойынша ескерткіш Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан Ататүрік скверінде орнату көзделген. Қалалық мәдениет басқармасы ескерткішті орнатуға 114 060 800 теңге жұмсаған. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы тендердің жеңімпазы ретінде "Буркитбаев Айдос" ЖШС-ы таңдалған.
Шарттың техникалық сипаттамасына сәйкес, ҚМҚ 545 маркалы көркем құюға арналған қола, қыс мезгілінде тез балқыту үшін 10 пайыз латунь, жеңіл өтімділік үшін мыс фосфориті. Ескерткіштің жалпы биіктігі 400 сантиметр, ал ескерткіштегі тұғырдың биіктігі 100 сантиметр, ал қоладан құйылған ескерткіштің жалпы биіктігі 300 сантиметр болуы керек. Одан бөлек, ескерткіштің бет әлпетінің нақты адаммен ұқсастығы, силуэттің көлемі мен пішінінің, дененің жеке бөліктерінің, киім бөлшектерінің, жаңа құрылыс заттарының пропорционалдылығы сақталуы керек.
Тендерді кім орындады?
Тендерді жеңіп алған "Буркитбаев Айдос" ЖШС-ы 2017 жылы тіркелген және алғаш рет сол жылы бір дереккөзден сатып алу арқылы Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан "Ашаршылық құрбандары" ескерткішінің тұжырымдамалық жобалау және салу жұмысына 61 905 000 теңгелік тендер жеңіп алған, портал джерегінше жұмыс әлі аяқталмаған. Шарттың техникалық сипаттамасында шарт жасасқан соң, бір ай көлемінде тапсырыс орындалып бітуі керек деп тұрғанымен, мемлекеттік сатып алу порталы әлі күнге дейін шарт әрекетте деп тұр.
Одан бөлек 2023 жылдың маусым бастап қайта тендерге қатыса бастаған. 2023 жылғы маусым басында тағы да бір дереккөзден сатып алу арқылы Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен 91 660 325 теңгеге келісім шартқа отырған. Алайда келісімшарт қосымша толықтырулар енгізіліп, қарашада орындала бастаған. Жалпы тендердің қызметіне қалада Семей-Чернобыль сәулет-мүсін туындысын дайындау және орнату тапсырысы болған.
Мемлекеттік сатып алу порталының ақпаратына сай, "Буркитбаев Айдос" ЖШС-ы 2023 жылғы шілдеде Астана қаласы әкімдігінің "Бірлескен мұражайлар дирекциясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан бір дереккөзден сатып алу бойынша өрт сөндіруші Асқар Забикулин бюстің сатып алу және орнату бойынша 50 000 000 теңгенің тендерді жеңіп алып, тапсырысты қазанда орындап біткен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!