Атасының жүрісін қайталайтын 2 жасар баланың видеосы TikTok-та трендтер қатарына енді, - деп хабарлайды TengriMIX.
Ләззат Төлешева TikTok-парақшасында атасының жүрісін қайталаған сәбидің видеосын жариялаған. Роликті оның қызы түсірген.
"Мен Атырауда тұрамын, ал олар Алматыда тұрады. Менің атым - Ләззат, мен Бексұлтанның нағашы әжесімін. Атасының аты - Тұрсын, ол 81 жаста. Бала атасын ерекше жақсы көреді. Олар сол күні үстелде отырған. Кейін атасы тұрып, басқа бөлмеге кеткен, ал Бексұлтан оның соңынан еріп, жүрісін қайталай бастаған. Осы сәтте баланың анасы оны телефонға түсіріп үлгерген, осылайшы, күлкілі видео пайда болды", - деді Ләззат.
Қазақстандықтарды таңғалдырған ролик әлеуметтік желіде кең тарап, миллиондаған қаралым жинаған, сондай-ақ, видеоға мыңдаған пікір жазылған.
"Видео мамырда түсірілді. Ол көп қаралым жинай бастаған кезде біз таңғалдық. Адамдар жағымды пікірлер жазған. Барлығына рақмет. Олар видеоны сақтап алып, бір-біріне жібере бастаған. Атасы мен немересіне ұзақ өмір тілейміз! Қазір 11 мыңнан аса оқырман мен 9 миллионға жуық қаралым жиналды", - дейді Ләззат.
@lyazzat_hairstyle #??? ♬ оригинальный звук - Lady_barber