Танымал әнші, "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Желідегі парақшасында балалық шағындағы суретін бөлісіп, ата-әжесін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Майғазы атасы мен Шәки әжесінің алдында отырған бала Сәкен. Атасы мен әжесінің арқасында тұрған кемпір-шалдың қызы (туған әпкем) 1958 жылғы Айтгүл мен анамның қолындағы 1966 жылғы туған ағам Ерлан", - деп жазған әнші.
Желі қолданушылары суреттің астына Сәкен Майғазиевті атасына ұқсатып, түрлі пікір қалдырған.
"Сәкен атасына қатты ұқсайды екен", "Сафия әжеңізге ұқсайды екенсіз", "Керемет кісілер еді. Жандары жәннатта болғай", "Ағааа, тура қазіргі ғой", "Алдыңғы бала тайға таңба басқандай белгілі болып тұр ғой", "Жоғарыдалар кім екен...бала Сәкенге ұқсайды екен ағасы-ау", "Атасына ұқсастық сияқты", "Атаңызға ұқсаған екенсіз", - деп жазған әншінің оқырмандары.
Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Майғазиев өзін іздеп жүрген әжені тауып алғаны хабарланған болатын.
Әлеуметтік желіде Зылиқа Нұрбекова есімді әженің видеосы тараған еді. Зейнеткер Сәкен Майғазиевтің өзі де, дауысы да әдемі екенін, оны көруді армандайтынын айтқан болатын.
Әнші өзін көргісі келіп жүрген кейуананы арнайы іздеп барып, батасын алды.
"Аллаға шүкір, Зылиха әжеме барып, маңдайынан сүйіп, батасын алу бақыты бұйырды", - деп жазды өнер иесі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тәуелсіздік жылдары Алматыда қанша әкім болды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!