Желіде президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың сайлаудың алдын ала қорытындысын естіген кездегі реакциясы көрсетілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
TikTok-та жүктелген видео 372 мың қаралым жинаған. 22 мыңнан аса адам лайк басып, 850-ге жуық пікір жазылған.
@nnn_bai11 Сайлау результат шыққан кездегі эмоциясы. Аділ өтті ме сайлау сіз үшін?! #сайлау2022 #сайлау #астана #жигули #дайрабаев #эмоция #қазақстан ♬ оригинальный звук - NNN_BAI11
Парақша авторы Дайрабаевтың тағы бір видеосын жүктеген. Ол жерде үміткер көз жасына ерік бергенін байқауға болады.
@nnn_bai11 Бұл кісі жайлы ойыңыз қандай? Егер Назарбаев, Тоқаев, Дайрабаев, Қосанов осы төрт кісі сайлауға түссе кімге дауыс берер едіңіз?! #сайлау2022 #сайлау #жигули #дайрабаев #дайрабаев2022 #призидент #эмоция #астана #қазақстан #тоңдырыптастағанөткенкүндер ♬ оригинальный звук - NNN_BAI11
Желі қолданушылары түрлі пікір жазған.
"Кеттім ауылға дейсің ғой", "Кішкене жетпей қалды, иә?", "Жигули атамды аяп кеттім шынымен", "Неге қалжыңдап жатсыңдар? Президенттікке үміткер болудың өзі жеңіс қой", - дейді оқырмандар.
Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясының алдын ала нәтижесі бойынша, Жигули Дайрабаев 3,43 пайызбен Қасым-Жомарт Тоқаевтан кейін екінші орын алған болатын.
Сайлау-2022: ОСК сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады
Жалпы ОСК нәтижесі бойынша:
Қарақат Әбден - 2,06 пайыз дауыс (206 206);
Нұрлан Әуесбаев - 2,22 пайыз дауыс (176 116 адам);
Жигули Дайрабаев - 3,42 пайыз дауыс (271 641 адам);
Мейрам Қажыкен - 2,53 пайыз дауыс (200 907 адам);
Қасым-Жомарт Тоқаев - 81,31 пайыз дауыс (6 456 392 адам);
Салтанат Тұрсынбекова - 2,12 пайыз дауыс жинады (168 731 адам).
460 484 адам не 5,08 пайыз адам бәріне қарсы жауап берген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!