- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аталатсаң аталат, боталатпа"....
"Аталатсаң аталат, боталатпа". Жастарға өсиет айтқан әже Қазнетті тәнті етті
Желіде жастарға өсиет айтқан әженің видеосы тарады. Видео Tik-Тok-тағы Karttyk_kuzuktar-парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Әжең бар ма? Әжең болса айтайын. Төрт ай азап көріп, шығарған өлеңім ғой", - дейді әже видеода.
"Тауға барсам, тау семіз,
Қойға барсам, қой семіз.
Өтіп кетіп қалдың-ау, айналайын, әлдеқашан он сегіз.
25-тен өтеміз, 35-тен кетеміз. 45-ке ойнап-күліп жетеміз", - дейді әже.
"Баланың алдында кет, жеті балам жеті жерден Құран оқып тұрса, арманым жоқ. Балаларыңның алдында кет, апам-ай десін, боталатпасын деймін ғой", - дейді әже.
Жастарға өсиет айтқан әженің видеосы Желі қолданушыларын тәнті етті. Олардың айтуынша, әженің аты Дәнегүл екен. Видео 254 мың қаралым, 7 мың лайк жинаған. Ал 4 мың адам бұл видеоны бөліскен.
"Айтқаныңыз келсін", "Әже, молодец, ақын", "Апа, Алланың берген жасын жасап жүре беріңіз", "Ұзақ жасаңыз", - деп жазған видеоға пікір білдірушілер.
С. Бөлек@karttyk_kuzuktar Соңына дейін тыңдайық❤
♬ оригинальный звук - Karttyk_Kuzuktar