- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атақты әнші Лепстің...
Атақты әнші Лепстің төбелесі видеоға түсірілді
"Рюмка водки на столе" хитінің орындаушысы Санкт-Петербург тұрғынымен төбелесті. Бұл оқиға қала тұрғыны суретке түсуді өтінгеннен кейін болған. Бұған дейін әйгілі әнші тағы бір жанжалға тап болды, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle "Пятый канал" арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 2 желтоқсанда кешке болған. Бұл уақытта Григорий Лепс өз командасымен бірге барда демалып жатқан. Қонақтардың бірі атақты адамды көріп, суретке түскісі келген. Алдын ала ақпарат бойынша, әнші бұл өтінішке дөрекі түрде жауап беріп, бас тартқан.
Осыдан кейін қонақты күзет мекемесінен шығарып жіберген. Ер адамға бұл ұнамаған. Ол Григорий Лепс пен оның командасын балағаттаған. Содан кейін төбелес басталған. Санкт-Петербург тұрғынының денесі көгеріп, мұрны сынған. Басылым мәліметінше, әнші мен оның серіктерінің жарақаты туралы ақпарат болмаған.
Оқиғадан кейін ешкім ұсталмаған, бірақ полиция болған жағдайға байланысты тексеруді бастаған.
Бір қызығы, осы оқиғаның алдында Григорий Лепс тағы бір жанжалдың қатысушысы болған. "Пятый канал" мәліметінше, әнші сахнада ерсі қылықтар жасаған.
"Көрермендердің алдында ол "Самый лучший день" әніндегі нотаға түсе алмағаннан кейін сахнаға микрофонын лақтырып жіберді. Кейінірек ол өзінің мінез-құлқын денсаулыққа байланысты мәселелерден деп түсіндірді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова