"Мосфильм" киностудиясында кеңес киносының жұлдызы Евгений Урбанскийдің қаза болған видеосы табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы киностудия сайтында хабарланды.
Урбанский апат болған кезде небәрі 33 жаста еді. Бұл 1965 жылы қарашада "Директор" фильмінің түсірілімінде болған оқиға екен. Ең танымал актердің қайғылы өлімі ондаған жыл ішінде көптеген қауесеттерге арқау болған.
Картина түсірілімінің бір бөлігі Өзбекстанда - Бұхарадан 40 шақырым жерде өткен. 5 қарашада автоколоннаның құм арқылы өту сахнасы түсірілетін болған. Түсірілім кезінде актер тізгінде отырған каскадермен бірге үсті ашық көлікпен келе жатқан. Осылайша, құм үстімен өту кезіндегі күрделі трюк Урбанскийдің өліміне себеп болды.
Актердің өмірінің соңғы минуттары жазылған бірегей кадрлар фильм киностудиясындағы қызметтік бөлмелерді ауқымды инспекциялау кезінде табылған. Олардың бірінде 70 мм қорап жатқан. Онда "Өте маңызды!" және "Урбан" деп жазылған.
ЕСКЕРТУ! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар:
Урбанский ауыр жарақат алды, бас сүйегі сынған. Актер ауруханада қайтыс болды.
"Трюк дұрыс дайындалмағаны анық. Бұл, ең болмағанда, топтың түсірілім орнын бірнеше рет өзгергенінен байқалады. Бұл трюк өздігінен жасалған сияқты - алдын-ала дайындық болмаған. Ол жалпы түсірілім алаңында "туған" шығар", - деп түсіндірді режиссер Карен Шахназаров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!