- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ата-енем маған сіз...
"Ата-енем маған сіз деп сөйлейді". Продюсер Гүлнұр Мамасарипова қандай келін екенін айтты
Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова қандай келін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Мархабат" бағдарламасында бөлісті.
"18 жасымда келін болып түстім. 19 жасымда ана болдым. Әженің қолында 100 пайыз еркіндікте өстім. Маған ешқашан сиыр саууды, тамақ істеуді үйретпепті. Дайынға өскенмін ғой. Біреудің үлкен келні болып топ ете қалдым. Мен де көп нәрсе үйрендім, ыңғайсыз жағдайда қалған кездерім болды. Мен де намыстандым, талай сөз естідім. Ешкімге айтпай, қанша қамырды қоқысқа тастадым. Ол кезде ҚазҰУ-да журналистика факультетінде оқимын. Өзіме не істеп жүрсің деп ұрсатынмын. Ал жолдасым сиыр сауа алатын. Екеуміз таңертең ерте тұрып, қораға барамыз. Мен қарап тұрамын, ол тез сауып, қашып кетеді. Мен шелекті ұстап келетінмін. 1-2 күннен кейін ұят болады, өзің үйрен деп, маған үйретті. Солай адам болдым. Биыл тұрмысқа шыққаныма 30 жыл болады екен. Ата-енем маған әлі сіз деп сөйлейді. Қайын атам келін демеген, балам дейтін. Бала болып түстім ғой", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін продюсер Гүлнұр Мамасарипова болашақ "күйеубаласы" туралы айтқан еді.
Продюсердің қызы Сара Амангелді "Жар-жар" дейтін жаңа фильмде әнші Тұрар Ыдырыспен бірге ғашықтардың рөлін сомдаған. Мамасариова басты рөлге әншіні қалай таңдағанын айтты.
"Жас қыздар "Тұрар" деген кезде "Қой, ол әнші ғой, ол ойнай алмайды" дегем. Сол кезде "Ол клип түсірген кезде сол түсірілім тобында жұмыс істедік, оның қабілеті бар, көрсеңізші" деп айтты. Сосын "Жарайды" деп, көпшіліктің дауысымен Тұрарға хабарластым", - деді Гүлнұр Мамасарипова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек