- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ата-бабамыздан қалған аманат"....
"Ата-бабамыздан қалған аманат". Орал тұрғыны Алтын Орда дәуірінің Туын сақтап қойған
Орал тұрғыны Алтын Орда дәуірінің Туын сақтап қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Анаргүл Әмірованың айтуынша, оның ата-бабасы бұл Туды аманат ретінде қалдырған. Әйел ұзақ уақыт бойы оның шын екенін дәлелдей алмаған. Арнайы сараптама жасату қымбатқа түседі. Талай тарихи оқиғалардың куәсі болған Ту қиындыларға айналып жатыр. Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу орталығының мамандары сараптама жүргізіп, жәдігердің 12 ғасырға жататынын дәлелдеді. Әйел Ту мемлекет қорғауына алынып, оны қалпына келтіруге болады деп үміттенеді.
"Атамның айтуынша, бұл Ту - бізге ата-бабамыздан қалған аманат. Бұл біздің Ту, Алтын Орданың Туы деп әрқашан мақтанышпен айтатын! Бірақ дәлелдеуге уақытым да, мүмкіндігім де болмады. Қазір мен бұл тарихи жәдігерді бүкіл еліміз үшін сақтап қалуға ниеттімін", - деді Орал тұрғыны Анаргүл Әмірова.
"Матада Алтын Ордаға тән мемлекеттік рәміз бейнеленген. Бұл белгілерді ежелгі карталарда, жазбаларда және монеталардан көруге болады. Жақсылық Сәбитов өз мақаласында бұл таңбаның Бату ханның әулетіне жататынын атап көрсеткен. Орта ғасырлардағы стандартты тулардың өлшемдері метр болды - биіктігі мен ені бір жарым. Бұл жалау өлшеміне сәйкес келеді. Бірақ оның шеттері қатты жыртылған", - деді ҚазҰУ Ғылыми зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Өмір Тұяқбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек