“Ата-анасына, бауырларына қиянат жасайды деп ойламаймын“ - жоғалған отбасының туыстары Ақбаян туралы

“Ата-анасына, бауырларына қиянат жасайды деп ойламаймын“ - жоғалған отбасының туыстары Ақбаян туралы
Фото: ІІМ

Атырау облысы Жангелдин ауылында өз үйінен өлі табылған ерлі-зайыптының туыстары марқұмдардың қызы Ақбаян тірі табылғанына қуанып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Олар Ақбаянның бұл қанды қылмысқа қатысы барына сенбейді.

"Ақбаян тірі екеніне қуандық. Қасында екеніне қуандық. Екі бауырымыз табылатын болды. Ақбаян келіп, жазылып, емделіп, балаларын бауырына басады ғой деп ойлап жыладық. Күдікті істегенінің бәрін мойнына алса екен дейміз. ...Сенбейміз, Ақбаян күдікті дегенге сенбейміз. Ақбаян бала құсап қасына ілесіп жүргені болмаса, "жүр" дегенге жүреді, болды.  Бірақ әлі ештеңе шешілген жоқ қой. Ол өз әкесіне, анасына, бауырларына қиянат жасайды деп ойламаймын", - деді марқұм Мақсот Мұқанғалиевтің қарындасы Әсила Мұқанғалиева.

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Күдікті туралы

Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. 

Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.

qamqor.gov.kz

24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget