- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ата-анасы онлайн отырып,...
"Ата-анасы онлайн отырып, бата берді". Танымал блогер Парижде неке қидырды
Танымал блогер әрі продюсер Аден Марғұлан Парижде неке қидырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Алланың қалауымен Парижде неке қию бұйырды. Бұйырса болашақта айтып жүретіндей ерекше махаббат хикаясы болсын дедім. Өзім де в шоке болып тұрмын. Қазақстаннан қатты дайындалып келдім. Жансаяға дым айтпай абайка (киім - еск.) алып, неке куәлікті дайындап, алдын ала ата-анасынан рұқсатын алдым. Жансаяның мама-папасы осылай онлайн отырып, батасын берді. Ой уайымдап дірілдеген түрімді көрсеңдер. Ал енді бұйырса үйдегілердің дайындығы басталады. Басқа-басқа, мамам мәз. Имаммен ағылшынша сөйлесіп біраз қызық болды. Өте күшті, жүзі жылы кісі екен. НИШ-та оқығаныма өте қатты қуандым. Өмірімдегі маңызды сәтте ағылшын тілі қатты көмек болды. Бар білгенімді шығардым. Апайлар кезінде "әй, кейін керек болады" деп бекер ұрыспапты", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Некеміз хайырлы болсын! Куәгер достарыма рақмет. Имамға мың алғыс, жүзі жылы күшті кісі екен.
Осындай ерекше сәттер үшін Аллаға шүкір! Ал жұғысты болсын!" - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұдан екі күн бұрын продюсер Париждің ортасында қызына сөз салған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек