- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ата-анасы қасында болған"....
"Ата-анасы қасында болған". Ақтауда 9 жастағы бала бассейнге батып кетті
Фото:
Видео кадры
Ақтауда 9 жастағы бала бассейнге батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 13 шілдеде демалыс орталықтарының бірінде болды.
"102" кезекші пультіне сағат 15:12-де қоңырау түсті. Жұмыс тобы оқиға орнына жетті. Бала бассейнге батып кеткен, оның қасында ата-анасы болған", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек