Солтүстік Қазақстан облысында жер үйдегі өрттен үш және тоғыз жастағы бала қаза тапты. Олар үйде жалғыз болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 1 сәуір күні таңертең болған.
"Сағат 10:11-де "101" телефонына облыстың Есіл ауданы, Ильинка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Өрт сөндірушілер өрт шыққан жерге жеткенше жергілікті тұрғындар екі баланың – 2021 және 2015 жылы туған ұлдардың мәйітін тапты. Балалар үйде жалғыз болған, олардың ата-анасы үйде болмаған", - деді департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.
Өрт 12:08-де сөндірілген. Өрт 50 шаршы метрді шарпыған. Оның себебі мен одан келген шығын анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз