- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ата-анам концертіме келген...
"Ата-анам концертіме келген жоқ". Әнші Серік Ибрагимов алдағы жоспарын бөлісті
10 жылдық жеке ән кешін өткізген әнші Серік Ибрагимов концертіне ата-анасы келмегенін жеткізді. Бұл туралы өнер иесі Таңшолпан бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Вокзалда қауышқан қыз" деп ән салып өз шығармашылығын бастаған Серік Ибрагимов қазір халықтың қошеметіне бөленіп, көптеген хит әндердің орындаушысына айналды. Эстрада жұлдыздарының басын жиып, Алматы шаһарында 10 жылдық жеке концертін өткізген өнерпаз, мұндай ән кеші бұрын-соңды болмағанын жеткізді.
"Бұл тек менің ғана емес сондай-ақ, барша өнер адамдарының концерті болды. Мұндай кеш соңғы 10 жылда болмағаны анық. Өнер жұлдыздары келді. Концертте олар менімен бірге дуэт орындады. Көрермен жақсы қабылдады. Бұйырса басқа да тыңдармандардың көңілінен шығады деген ойдамын", - дейді әнші.
Сондай-ақ, өнерпаз 10 жылдық мерейтой ән кешіне ата-анасы, туысқан бауырлары келмегенін жеткізді.
"Ата-анам концертіме келген жоқ. Себебі 3-ші қараша күні менің ауылымда үлкен ас, көкпар, гала концерт болады. Сол жерде қатты ауылда дайындық болып жатыр. Менің 10 жылдығымды да сол ауылда тойлауды бастап кеттік. Туған-туыстардың барлығы сол ауылда жиналады. Тек Алматыда ғана емес ауылда да концерт өткіземіз", - дейді Серік Ибрагимов.
Айта кетейік, Серік Ибрагимов 1988 жылы, Қызылорда облысы, Түгіскен ауылында дүниеге келген. Одан өзге өнер иесі тапқан қаржысын келіншегі ұстайтынын айтты. Бұл туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы