Абай облысы Үржар ауданында қайғылы жағдай болды. Жол апаты салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды. Өңір әкімдігі өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат алды, олар қазір дәрігерлердің бақылауында медициналық көмек алып жатыр.
"Зардап шеккендер - екі отбасының балалары. Қайтыс болған үш баланың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген, біреуі - Үржар ауданының тұрғыны. Жарақат алған үш баланың екеуі Үржар ауданынан, біреуі Жарма ауданынан екені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 19 тамызда Абай облысы Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмғаны хабарланды.
Қазір балалардың бірінің миына күрделі ота жасалып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!