Ат үстіндегі секс: "Аңшы" фильмі туралы естуіңіз бар ма? +18

"Аңшы" фильмі туралы естуіңіз бар ма? Осыдан 18 жыл бұрын артхаус-фильмде эротикалық кадрлар бар. Ол кейін ТМД-дағы үздік фильм атанған екен. Massaget.kz тілшісі "Аңшы" фильмі туралы қызық деректер ұсынады. 

Фильм не туралы?

Еркен - тасбауыр жігіт. Оны аңшы қамқорлығына алған. Олар азығын аңшылықтан тауып, орманды пана қылады. Фильм бойы олар ауылда жүрген қасқырдың ізімен жүреді. Одан бөлек аңшы балаға аңшылық өнер, өмір, махаббат деген не екенін үйретеді.

Спойлер жасамау үшін, фильм сюжетін толық айтпай-ақ қояйық. Картина 2004 жылы шыққан. Оны мамандар тәуелсіздік жылдарындағы үздік артхаустардың бірі деп санайды.

Фильмде эротикалық кадрлар ашық көрсетілген. Жалпы, фильмде әйел мен ер адам арасындағы қатынас жиі әңгіме болады. Мысалы, фильм аңшы жезөкшенің үйіне баруымен басталады.

Ал эпизодтардың бірінде қыз қууға ұқсас сәт болады. Аңшы мен бала мінген жылқы бір әйелдің жанынан тоқтайды. Бірақ аңшы әйелдің сұрақтарына жауап бермейді, бала "ол әйелдермен сөйлеспейтінін" айтады. 

Кейінгі кадрларда аңшы балаға мылтықпен атуды үйретіп жатады. Сол сәтте әлгі әйел атпен кетіп бара жатқанын байқайды. Аңшы лезде атының үстіне кілем жайып, оны мықтап байлау керегін, әйтпесе құлап кетуі мүмкін екенін айтады. Артынша аңшы әйелді қуып жетіп, жүйткіп келе жатқан ат үстінде жыныстық қатынасқа түседі. 

Фильмді кім түсірген?

Бұл толығымен қазақстандық фильм түсірген деуге келмейді. Себебі оның түсірілімімен Франция, Жапония, Қазақстан мен Швейцария мамандары айналысқан. Киноның өзі Алматы облысы Кеген ауданы Тұйық ауылдық округінде түсіріліпті.  

Фильмді "Қазақфильм", East Cinema мен жапониялық NHK компаниялары бірлесіп түсірген. Қазақстандық Гүлмира Апырымова мен жапониялық Уэда Макото продюсер болған. 

Ал сценарий авторы да, режиссері де - Серік Апырымов. 62 жастағы маман 7 фильм түсірген, оның бірі - қысқаметраж. Өзі түсірген фильмдердің көбіне сценарийді өзі жазған. Оның ішінде "Қиян" (1989), "Сон во сне" (1992), "Ақсуат" (1997), "Три брата" (2000) секілді фильмдер. Желідегі ақпарат бойынша, кейінгі фильмін 2009 жылы түсірген - "Дом на Озёрной". "НИКА" киноакадемиясының мүшесі, Қазақстан Лениндік комсомол жүлдесінің лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Актерлері кім?

Фильмдегі басты рольдерді кімдер ойнағанына тоқталайық. Аңшыны Дохдурбек Қыдыралиев сомдайды. Ол көбіне тарихи фильмдерде ойнаған. "Бейбарыс", "Отырардың күйреуі", "Абай", "Қош бол, Гүлсары" фильмдерде басты рольдердің бірін алған. "Көшпенділер" фильміне түскен. 


Фильм кадры

Ал баланың ролінде ойнаған Әлібек Жуасбаев туралы Желіде ешқандай дерек жоқ. Қазір қай салада жүргені туралы ақпарат таба алмадық. 

Сонымен қатар, кадрларда Нұржұман Ықтымбаев, Райхан Айтқожанова, Гүлназид Омарова, қырғызстандық актриса Эрке Жумакматова түскен. 

2005 жылы бұл фильм "Ника" жүлдесінің "ТМД және Балтық елдеріндегі үздік фильм" номинациясын алған.