- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Асырап алған баланы...
Асырап алған баланы қайтару дерегі көбейген
Қазақстанда асырап алған баланы балалар үйіне қайтару дерегі көбейген. Жаңа отбасыға келген бүлдіршіндерді ата-анасы көбіне араға бір жыл салмай кері қайтарып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын талқылап жатқан депутаттар бұл мәселені қаперге алатын уақыт келгенін айтты. Себебі әу баста онсыз да көңілі жарым балаларды "бауырымызға басамыз" деп алғандар бала асырап алу процесіне бейжай қарайды екен.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, көбіне 10-13 жастағы балалар кері қайтарылады. Ал нақты себебін ешкім дөп басып айта алмайды. Сондықтан бала құқығын қорғау мақсатында бала асырап алушылардың кәсіби институты ұғымы енгізіледі, жетімдер үйінен асырап алынатын әр баланың құқығы ашық жазылады.
"Асырап алынған баланы балалар үйіне қайтарып жатқан дерек азаймай тұр. Үнемі өсу үстінде. Мысалы, кейінгі бес жылда балалар үйіне қайтарылған бала саны 64 пайызға өсті. 2020 жылы 160 бала, 2021 жылы 197 бала қайтарылған", - деді депутат Ерболат Саурықов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова