Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында үшем жарық дүние есігін ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үшемнің анасы 35 жаста. Ол жұбайымен бірге 4 бала тәрбибелеп отыр. Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында тұратын ерлі-зайыпты өңірдегі ауежай кешенінде жұмыс істейді.
Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз бала. Сәбилердің салмағы 1890 грамм, 1950 грамм және 2700 грамм болған. Нәрестелерге ата-анасы Асылым, Айзада, Айдана есімдерін қойған.
"Қазір жас босанған ананың жағдайы жақсы. Ал нәрестелер орталықта емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Әзірге жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алады және жағдайлары тұрақталғанша дәрігерлердің бақылауында болады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!