Белгілі әзілкеш, актер Асылбек Боранбай "Тамаша" театрын қалпына келтіру жұмыстарына кіріскені туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы "1001 түн" бағдарламасында мәлімдеді.
"Қазақстанға мемлекеттік сатира театры керек. Елімізде әзіл-ысқақтың деңгейі төмен. Жазатын сатирик аз, қоятын режиссер жоқ. Театр жекеменшік болған соң, өздері жазады, өзі ойнап, өзі қояды. Мұндай жерде сапа болмайды ғой. Мысалы, Петросянның бір театрына 500 автор жазады екен, оның ішінен іріктеп алады. Біздің сатириктер 10 саусаққа де жетпейді ғой. Болашақта үлкен концерт қойғымыз келеді. Оған демеуші керек. "Тамашаны" қалпына келтіруіміз керек. Соған жұмыс істейміз", - деді ол сұхбатында.
Еске салайық, актер Асылбек Боранбай бұған дейін берген сұхбатында алғаш рет отбасылық өмірі туралы айтқан болатын. Ол - бес баланың әкесі. Ал жұбайы өзге ұлт өкілінен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!