Асылбек Ахметжанов оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Үкімет қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ол 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ технология және бизнес университетін бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы қаңтарда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы ретінде бастаған.
2016-2018 жылдары - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Электрондық үкіметті және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру басқармасының сарапшысы.
2018-2019 жылдары - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық үкіметті және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті Мемлекеттік қызметтерді жетілдіру саясаты басқармасының бас сарапшысы.
2019-2021 жылдары - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы.
2021-2024 жылдары - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары.
2024-2025 жылдары - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры.
2025 жылғы ақпаннан бастап қазірге дейін ҚР ЦДИАӨМ Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!