Алматы облысындағы ірі тұрғын үй кешендерінің бірі "Асыл арманда" өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, Іргелі ауылында тоғыз қабатты үйдің жетінші, сегізінші және тоғызыншы қабаттарындағы балкондар өртеніп, жалын жетінші, сегізінші қабаттардағы пәтерлерге тараған.
Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде жетінші және сегізінші қабаттардағы балкондар жанып жатқан. Өрт тез тараған.
"Алғашқы бөлімшелер келгенге дейін 50 адам, соның ішінде 15 бала өздігінен эвакуацияланды. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісіп, жалын одан әрі тарауына жол бермеді", - деді ведомство өкілдері.
Құтқарушылар көпқабатты үйдегі өртті сөндірген. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!