- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Асы обсерваториясына қоршаулар...
Асы обсерваториясына қоршаулар не үшін қойылған?
Желіде енді туристер Асы обсерваториясына кіре алмайтыны туралы ақпарат тарады. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, адамдар әдетте тоқтайтын жер қоршалған.
Әкімдік мәліметінше, "В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институты" ЖШС аймақты қоршауына тура келген. Себебі туристер келетін аймақ шашылып, қоқыстар пайда болған. Салдарынан ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.
Фото: Kolesa.kz
Ал жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар ашық қалды.
Енді обсерватория аумағына кіру және жол жүру санитарлық нормалар сақталған жағдайда жер пайдаланушы мен турларды ұйымдастыратын туристік компаниялар арасындағы келісім бойынша қамтамасыз етіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина