- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Асүйінде түрме бар"....
"Асүйінде түрме бар". АҚШ-та ерекше үй сатылып жатыр
Фото:
elements.envato.com
АҚШ-та ерекше үй сатылып жатыр. Екі түрме камерасы бар үй Огайо штатында сатылымға қойылған, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Басылым мәліметінше, үй иесі тұрғын үйді 275 мың долларға сатпақ. Риелтор Райан Стэкхаустың сөзінше, көптеген адам үйді өздері келіп көргісі келген. Түрме камерасы асүй мен қонақүй арасында орналасқан. Үй бастапқыда түрме болған, кейіннен иесі ішкі көрінісін реттеген. Үй көңіл көтеру кештерін ұйымдастыру үшін қолданылған.
Екіқабат үйдің аумағы 600 шаршы метр. Түрме камерасынан бөлек, үйде джакузи, сауна, бассейн, ойын бөлмесі бар. Сонымен қатар, төрт жатын бөлме және төрт жуынатын бөлме, екі асүй, қонақ күтетін бөлме мен екі көлік сиятын көлікжай бар.
С. Сатыбалдина