Асүй – азық-түлік сақтайтын, тамақ пісіретін және тамақтанатын жер. Сондықтан асүйді таза ұстау отбасы мүшелерінің денсаулығы үшін маңызды. Алайда асүйді жинау кезінде көпшілік жіберетін қателіктер бар.
Асүйді ағартқышпен тазалау
Асүйді залалсыздандыру үшін көп адам құрамында хлоры бар ағартқыш құралдарды пайдаланады. Себебі олар көпшілікке жақсы тазартатын секілді көрінеді және бағасы арзанырақ тұрады. Алайда ағартқыш құралдармен тыныс алу адамдарға және үй жануарларына қауіпті. Сондай-ақ ол үстіңізге тиіп кетсе, киіміңізді бүлдіріп тастайды. Асүйдегі үстел және шкафтарда тамақ тұрады, сондықтан ондағы барлық затты табиғи құралдармен тазалаған дұрыс.
Ыдыс жуатын сорғышты жиі ауыстырмау
Асүйдегі ыдыс жуатын сорғыш – бактериялар ең көп жиналатын жер. Оны жағдайға қарай аптасына бір рет ауыстырып тұру керек. Сондай-ақ сорғыштың орнына микрофибрадан жасалған дәкелер қолдануға болады. Бір сорғышпен барлық нәрсені тазаламаңыз. Мысалы, ыдыс жууға және газ плита тазалауға бөлек-бөлек сорғыш арнаңыз.
Қоқыс салатын шелекті жумау
Көпшілік асүйді тазалау кезінде қоқыс салатын шелекке мән бермейді. Алайда әдетте оған жағымсыз иіс сіңіп қалады. Сондықтан асүйді толық тазалап алсаңыз да, бәрібір жағымсыз иіс шығып тұруы мүмкін. Арасында қоқыс салатын шелекті жақсылап жуып алу керек, себебі оның ішінде бактериялар жылдам көбейеді. Таза шелекке пакет кигізердің алдында оның толық кепкеніне көз жеткізіңіз.
Асүй сүлгілерін жиі жумау
Асүйдегі сүлгілермен күнде ыдысты және қолды сүртеді. Біртіндеп сүлгі микробтарды жинайды, ал ол денсаулыққа зиян. Оларды ластануына қарай ауыстырып тұру керек.
Жуылған ыдысты ылғал күйінде шкафқа салу
Барлық ыдысты шкафқа саларда құрғату керек. Қараңғы және ылғал жер (мысалы, асүй шкафтары) - бактериялардың таралуына қолайлы орта. Ал бактериялар жиналған ыдысқа оны таза деп ойлап тамақ салып ішесіз. Сондықтан ыдыстарды құрғатуға уақыт бөліңіз.
Оқи отырыңыз: Асүй мен артық салмақ. Арықтау үшін азық-түлікті қалай орналастырамыз?