Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) келесі қарсыласының есімін жариялады, - деп хабарлайды msports.kz тілшісі.
Асу 19 қазан күні Лас-Вегаста бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) кездесетін болды.
Николау UFC-гі жеңілірек салмақтағы спортшылар рейтингінде 10-орында тұр. Асу болса 15-ші сатыда. Бұл отандасымыздың алғашқы рейтингілік жекпе-жегі болмақ.
Асу UFC ұйымдастырған үш турнирге қатысып, үшеуінде де жеңіске жетті. Бұл оның үздіктер қатарына қосылуына жол ашты.
Қазақстандық спортшы соңғы рет UFC Vegas 93 турнирінде Хосе Джонсонмен шайқасты. Жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылып, отандасымыз төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен еді.