- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Астрологқа бардым". Актриса...
"Астрологқа бардым". Актриса Жанаргүл Жаныаманова баласының есімін не үшін өзгерткенін айтты
Актер Рүстем Жаныаманов пен жұбайы, актриса Жанаргүл Жаныаманова "Қызықты weekend" бағдарламасына отбасындағы қызықты оқиғамен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кезінде өз балаларымның аттарын өзім қоямын деп шешкенмін. Оған анам да, Жанар да қарсылық білдірген жоқ. Бірақ тұңғышымызға ат қоярда "кім деп қоямыз" деп кәдімгідей мәслихат құрдық. Жанар, анам мен өз нұсқамызды айттық", - дейді Рүстем Жаныаманов.
Актриса тұңғыш баласына аяғы ауыр кезінде атасына аян берілгенін айтты.
"Менің Семейде имам боп істейтін атам түс көріп, оған аян берілгенін айтты. Ол кісі менің аяғым ауыр екенін білген де жоқ. Сөйте тұра хабарласып, "ұл бала дүниеге келеді, атын Нұрмұхамед деп қойыңдар" деді. Бірақ біз оны елемедік. Әжесі Дінасыл деп атын қойды", - деді Жанаргүл Жаныаманова.
Алайда тұңғыш ұлдары жиі ауырып қала бергендіктен, Жанаргүл Жаныаманова астрологтың көмегіне жүгініпті.
"Кейін 3 жаста балам біраз ауырды, сол кезде мен бір астрологқа бардым. Астролог бірден "мына баланың есімі өзінікі емес" деді. Содан кейін мен ол кісіге бірнеше есім айтып едім, "бұл баланың есімі басқа" деп жауап берді. Сол кезде ғана атамның аяны есіме түсті. "Нұрмұхамед деген есімді көріңізші" деп жіберіп едім, "осы есім тура келеді, сәйкес келіп тұр" деп айтты. Содан кейін қайтадан Азан шақырып, атын Нұрмұхамед деп өзгерттік. Құжаттарын да басынан жасаттық", - деді Жанаргүл Жаныаманова.
Еске салайық, бұған дейін Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Жаныаманова ұлының дертімен қалай күрескендерін айтқан болатын.
А. Жапатова