Астролог жиі манипуляция жасайтын 3 жұлдызнама белгісін атады

Астролог жиі манипуляция жасайтын 3 жұлдызнама белгісін атады
Фото: ru.freepik.com

Тәжірибелі астролог Индира Садыкова өзінің инстаграм-парақшасында жиі манипуляция жасайтын жұлдызнама белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үшінші орында - Шаян

"Олар манипуляция жасаудың шебері. Олар айналасына әсер ету үшін өздерінің эмоционалды күші мен эмпатиясын пайдаланады. Олар әрқашан өз дегеніне қалай жету керегін біледі", - дейді маман.

Екінші орында - Сарышаян

"Нағыз стратегтер. Олар ақапаратты өзіне қалай қажет, солай қолдану арқылы адамдарды және жағдайды басқара алады", - дейді астролог.

Бірінші орында - Егіздер

"Тартымды және харизмалық манипуляторлар. Олардың манипуляция жасағанын сіз тіпті түсінбей қаласыз", - дейді Индира Садыкова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова