- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астананың түбіндегі ауылда...
Астананың түбіндегі ауылда каналды су шайып кетті
Фото:
Tengrinews
Астананың түбіндегі Талапкер ауылындағы каналды су шайып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Целиноград және Шортанды аудандарындағы егістіктен еріген қар суы келуі салдарынан Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесін су шайып кетті.
Бүгінгі таңда жағдай сейілген.
"Су басқан 26 тұрғын үйдің ішінен 20 аумақтан су сорылды. Қазір 6 ауладан су айдау жұмыстары жалғасып жатыр. Жеке тұрғын үйлерді су басуға жол берілмейді. Ақмола облысы, Астана қаласы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ әскери қызметшілері құрамынан 116 адам, 40 аса техника жұмылдырылды", - деп жазылған ҚР ТЖМ мәліметінде.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова