Футболдан Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. "Астана" "С" тобында ойнайтын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордалық команда топтық кезеңде "Динамо Загреб" (Хорватия), "Виктория Пльзень" (Чехия) және "Балкани" (Косово) клубтарына қарсы ойнайды.
"Астана" биылғы еурокубокты Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінен бастаған. Екінші кезеңде топтағы Загребтің "Динамосымен" кездескен болатын. Екі ойында да хорватиялық команда жеңіске жеткен еді. Екі команда енді Конференция лигасының топтық кезеңінде қайта кездеседі.
Жеребе нәтижесі:
"А" тобы: "Лилль", "Слован" (Братислава), "Олимпия" (Любляна), "Клаксвик";
"B" тобы: "Гент", "Маккаби" (Тель-Авив), "Заря", "Брейдаблик";
"С" тобы: "Динамо" (Загреб), "Виктория Пльзень", "Астана", "Балкани";
"D" тобы: "Брюгге", "Буде-Глимт", "Бешикташ", "Лугано";
"Е" тобы: "Алкмаар", "Астон Вилла", "Легия", "Зриньски";
"F" тобы: "Ференцварош", "Фиорентина", "Генк", "Чукарички";
"G" тобы: "Айнтрахт", ПАОК, ХИК, "Абердин";
"H" тобы: "Фенербахче", "Лудогорец", "Спартак" (Трнава), "Нордшелланд".