Астананың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
City Transportation Systems компаниясының хабарлауынша, ертең, 20 тамызда тағы бір Bus Lane жолағы әл-Фараби даңғылының Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында, екі бағытта іске қосылады.
Қазіргі уақытта бұл аудан - қарқынды өсіп келе жатқан аудандардың бірі. Бұл көшемен 5 бағдар (№№ 15, 28, 35, 58, 84) бойынша күніне 80 автобус жүреді.
"Bus Lane жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз