Астанада "Марал" көпірінен Шарль де Голль көшесіне дейін Амман көшесін орташа жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, 2-4 шілде аралығында осы учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
"Көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Амман/Шарль де Голль қиылысы ішінара жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және өзгерістерді ескеруді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова