Астананың орталығында көлік аударылып қалды

Астананың орталығында жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 20 қазан таңертең болған.

"Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі Нәжімеденов көшесі жағынан Тәуелсіздік даңғылымен жүріп келе жатып, Байтұрсынұлы көшесімен қиылыста солға бұрылған кезде қарсы келе жатқан "ВАЗ" көлігіне жол бермеді. Соққыдан Chevrolet Cobalt көлігі аударылып қалды", - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі дене жарақатын алған.

Іс бойынша материалдар Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотына қарау үшін жіберіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!