Астананың орталығында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі Керей, Жәнібек хандар көшесімен жүріп келе жатып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылыста тізгінді басқара алмай, көшені жарықтандыру тірегіне соғылған.
"Салдарынан көлік аударылып, жүргізуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова