Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Дулат Бабатайұлы көшесінен бастап Шұғыла көшесіне дейінгі Ардагерлер көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осыған байланысты 2024 жылғы 5-6 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!