20 қазан, жексенбі күні кешке Астананың оң жағалауында жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екі жеңіл көлік оң жағалаудағы көлік көп жүретін көшелердің қиылысында соқтығысқан. Зардап шеккендер бар. Оқиғаның мән-жайын елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"20 қазан күні Renault Duster жүргізушісі тыйым салынған бағдаршам сигналында Кенесары көшесі мен Республика даңғылының қиылысында жүріп өтіп, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысты", - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Nexia көлігіндегі жолаушы зардап шеккен.
Оқиға орнында полиция тобы жұмыс істеп жатыр, тергеу амалдары жүргізілген соң оқиғаның анық-қанығы хабарланатын болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!