- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астананың кейбір көшелеріндегі...
Астананың кейбір көшелеріндегі қозғалыс уақытша шектеледі
Астанада ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, 28 маусымнан қаланың кейбір көшелерінде көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік күзет қызметінің хабарлауынша, дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
2-4 шілдеде Есіл, Нұра және Алматы аудандарында осындай шектеулер енгізіледі.
"Осыған байланысты Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан