- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астананың жаңа бас...
Астананың жаңа бас санитар дәрігері тағайындалды
Астананың жаңа бас санитар дәрігері тағайындалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айгүл Шағалтаева Астана бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Бүгін Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова ұжымға жаңа басшыны таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Айгүл Шағалтаева – 1968 жылы 26 шілдеде Қарағанды облысында дүниеге келген.
1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, гигиенист- эпидемиолог дәрігері мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1993 жылы Ақмола қаласы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігер болып бастады.
1998 жылдан 2001 жылға дейін Ақмола қаласы санитарлық- эпидемиологиялық станциясының санитарлық бөлімінің меңгерушісі;
2001 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының санитарлық-дәрігер;
2003 жылдан 2005 жылға дейін Астана қаласы медициналық колледжісінің оқытушысы;
2005 жылдан 2007 жылға дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің құрылыс және объектілерді қайта құру бөлімінің бас маманы;
2007 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің емдеу профилактикалық объектілерге бақылау және дезинфекциялау, стерилизациялау іс-шараларын жүргізу бөлімінің бастығы;
2014 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау Департаментінің ішкі ауруханалар инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы;
2017-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;
2019 жылдан бастап "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті" басшының орынбасары қызметтерін атқарды.
Биылғы 2 қазаннан бастап Астананың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып жұмыс істеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан