- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астананың жаңа әкімі...
Астананың жаңа әкімі елордада LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты
Фото:
Tengrinews/Тұрар Қазанғапов
Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасы алдағы жылдары аяқталатынына уәде берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы аяқталғаннан кейін айтты.
"LRT аяқталады. LRT екі-үш жыл ішінде аяқталады. Қаржыландыруға байланысты", - деді ол.
Сондай-ақ, журналистер шенеуніктен команда өзгеріп-өзгермейтінін сұрады.
"Мен ешкімді әкелмеймін, ешкімді өзгертпеймін", - деді Жеңіс Қасымбек.
Айта кетейік, 8 желтоқсанда Жеңіс Қасымбек Астана әкімі болып тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Астананың жаңа әкімі тұрғындарға үн қатқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова