Астананың бірқатар ауданында электр жарығы өшіп қалды. Мамандар оның себептерін анықтап жатыр. Оқиғаны Астана-ӨЭК баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде елордадағы Алматы ауданында электр қуаты өшкені туралы ақпарат пайда болды. Қала тұрғындары астаналық пабликерге үйлерінде жарық жоқ деген пікірлер жазып жатыр.
Астана-ӨЭК мәліметінше, 21 қазанда сағат 15:06-да Алматы ауданында технологиялық ақаулар болып, нәтижесінде, Мыңжылдық аллеясы мен Тәуелсіздік даңғылы, Қордай және Байтұрсынұлы көшелерінің маңы электр жарығынсыз қалған.
"Сағат 15:32-де резервтік қуатқа ауысу жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта оның себебін анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Кейбір тұрғындар үйлеріндегі жарық әлі қосылмағанын алға тартады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!